ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ӘСКЕРИ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ

Бөлімшелер

Фотогалерея

ОҚИҒАЛАР КҮНТІЗБЕСІ

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

ӘҒА тарихы

2013 жылғы 29 мамыр күні Ұлттық қорғаныс университетінің әскери ғалымдары қауымының бастамасымен Қазақстанда алғашқы рет Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдары әскери ғалымдарының құрылтайы (жиналысы) ұйымдастырылды және өткізілді.
Жиналыстың негізгі ойы - өзінің әскери ғалымдарының кәсіби бірлестігін, яғни салалық Әскери ғылым академиясын құруда болып табылған.
Бірнеше ай ішінде, бастамашыл тобымен тарих ғылымдарының докторы, доцент Серкпаев Мұхтар Өмірсерікұлының төралқалығымен үлкен дайындық жұмысы өткізілді, Ереженің жобасы, болашақ бірлестіктің құрылымы және міндеті, сондай-ақ қызметінің негізгі бағыттары әзірленді.

Жиналыс жұмысына жүзден аса адам - қорғаныс министрлігінің, ішкі істер, төтенше жағдайлар, ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы жетекші әскери ғалымдары және Ұлттық қорғаныс университетінің докторанттары мен магистранттары қатысты.
2013 жылғы 29 мамыр күні әскери білімнің көшбасшысы болып табылатын Ұлттық қорғаныс университетінің қабырғасында тарихи оқиға болды, «Әскери ғылым академиясы» РҚБ құрылды.
Бұл бағыттағы келесі адым болып Академия Президенті мен басқарманың тұрақты әрекеттегі алқалық органы – Төралқаны сайлау табылды, ол 2013 жылғы 19 маусымда «Жас Ұлан» Республикалық мектебі (Астана қ.) қабырғасында өткізілді.
«Әскери ғылым академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің алғашқы Президенті болып бір ауыздан Қазақстан Республикасының жетекші әскери ғалымы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Федерациясы Әскери ғылым академиясының толық мүшесі, РФ Әскери ғылым академиясы Қазақ бөлімшесінің төрағасы, генерал – лейтенант, ҚР Мәжіліс парламентінің депутаты Тасболатов Абай Бөлекбайұлы сайланды.
Алдағы жиналыстың жұмыс барысында «Әскери ғылым академиясы» РБҚ төрағасы, т.ғ.д., профессор, генерал-лейтенант, А.Б. Тасболатовтың ұсынуы бойынша Төралқасы келесі құрамында сайланды:
1. т.ғ.д., әскери ғылымдарының профессоры, генерал – лейтенант Тасболатов А.Б. – ӘҒА Президенті
2. т.ғ.д., әскери ғылымдарының доценті, полковник Серкпаев М.Ө. – ӘҒА Бірінші вице – Президенті
3. т.ғ.д., доцент, запастағы полковник Мухамадеев Т.М. – ҚР ҚМ -нен ӘҒА вице Президенті
4. ә.ғ.д., профессор, запастағы генерал – майор Асылов Н.Ж. – ҚР ҰҚК ШҚ -нен ӘҒА вице президенті
5. ә.ғ.д., әскери ғылымдарының профессоры, полковник Ахметов Ж.Х. – ҚР ІІМ ІӘ-нен ӘҒА вице президенті
6. т.ғ.д., полковник Шәріпқанов С.Д. – ҚР ТЖМ-нен ӘҒА вице президенті
7. т.ғ.д., әскери ғылымдарының профессоры Мұхамеджанова С.Ш. – ӘҒА Бас ғалым хатшысы
8. ә.ғ.д., запастағы генерал – майор Өтепов Ш.С. – ӘҒА толық мүшесі
9. п.ғ.д запастағы генерал – майор Тауланов С.С. – ӘҒА толық мүшесі
10. ә.ғ.д., доцент, отставкадағы полковник Қаратаев Р.Г. – ӘҒА толық мүшесі
11. ә.ғ.д., профессор, отставкадағы полковник Серікбаев К.С. – ӘҒА толық мүшесі
12. т.ғ.к., профессор, отставкадағы полковник Ермекбаев П.А. – ӘҒА толық мүшесі

«Әскери ғылым академиясы» РҚБ құрамына 52 әскери ғалым (20 ғылым докторы және 32 ғылым кандидаттары, соның ішінде 6 генерал) кірді.
2013 жылғы 2 тамызда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде «Әскери ғылым академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің тіркеуі өткізілді. Тіркеу нөмірі - 5341-1900-ОО.

001-passiv-kz 002-passiv-kz 003-passiv-kz 004-passiv-kz 005-passiv-kz