ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ӘСКЕРИ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ

Бөлімшелер

Фотогалерея

ОҚИҒАЛАР КҮНТІЗБЕСІ

« Қазан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қабылдау ережесі

Бекітемін
Әскери ғылым академиясының Президенті
т.ғ.д., профессор, ӘҒА толық мүшесі
генерал-лейтенант А.Тасболатов
2014 ж. ______________ «___»

Әскери ғылым академиясына мүшелік және сайлау тәртібі туралы
ЕРЕЖЕ

1. Әскери ғылым академиясының құрамына толық мүшелер (академиктер), корреспондент-мүшелер, ӘҒА шетелдік және құрметті мүшелері кіреді.

2. Академияның мүшелері болып 18 жасқа толған, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі немесе профессор, қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы бар, әскери ғылымның дамуына, мемлекеттің қорғау саясатын қалыптастыруға, әскери өнер, әскери құрылыс және Қарулы Күштерінің құрылысы тәжірибесіне, қару-жарақ және әскери техниканың дамуына айқын немесе маңызды үлес қосқан және әлде де қосуды жалғастыратын қазақстандық немесе шетел азаматтары сайлана алады.

3. Азаматтарды Академия мүшелігіне қабылдау Академия мүшелерінің Жалпы жиналысында жасырын немесе ашық дауыс беру арқылы жеке жазба өтінішінің, Академияның екі мүшесінің жазба ұсынымы негізінде бөлімше арқылы барлық қажетті құжаттарды Төралқаға ұсынумен жүзеге асырылады (тізімі қоса ұсынылады).
Академияның құрметті мүшесін қабылдау туралы шешімді ӘҒА Төралқасы қабылдайды.

4. ӘҒА толық мүшелері (академиктері) болып ғылым докторы ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор ғылыми дәрежесі немесе профессор ғылыми атағы бар корреспондент-мүшелер сайлануы мүмкін.
Ерекше жағдайларда толық мүше болып әскери ғылыми мектептер құрған, көрнекті жетістіктерге қол жеткізген және әлемнің жетекші ғалымдары ортасында қадірі артқан және ӘҒА құрметті немесе шетелдік (Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаған жағдайда) мүшелері болып табылатын танымал ғалымдар - ғылым докторлары сайлануы мүмкін.

5. ӘҒА корреспондент-мүшелері ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі немесе профессор, қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы бар, Осы Жарғыны мойындаған және жазбаша түрде орындауға міндет алған, әскери ғылымға немесе әскери кадрларды даярлауға іргелі үлес қосқан ғалымдар қатарынан сайланады.

6. Әлемдік және Қазақстан Республикасы әскери ғылымының дамуында ғылыми жетістіктерін ӘҒА академиясы ерекше деп таныған шетелдік ғалымдар ӘҒА шетелдік мүшелері болып сайлануы мүмкін. ӘҒА шетелдік мүшелерін сайлауды Жалпы жиналыс ӘҒА Төралқасының ұсынуы бойынша ашық дауыс беру арқылы жүргізеді.Шетелдік ғалымдар жиналыстарға кеңесші дауыспен қатысады.

7. Әлемдік және Қазақстан Республикасында әскери ғылымның дамуына ықпал етуде үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары және шетелдік азаматтар ӘҒА құрметті мүшелері болып сайлануы мүмкін. ӘҒА құрметті мүшелерін сайлауды Төралқа ӘҒА төрағасының ұсынуы бойынша жай көпшілік дауысымен жүргізеді. Құрметті мүшелер жиналыстарға кеңесші дауыспен қатысады.

8. ӘҒА Жалпы жиналысымен сайлауға толық мүшелер (академиктер) мен корреспондент-мүшелері кандидаттарын сайлау ӘҒА Жалпы жиналыс бөлімшесімен өткізіледі.

9. Жеке жағдайларда ӘҒА Президентінің шешімімен ӘҒА Төралқасы және бөлімше мүшелерінің қатысуымен бірлескен жиналыста тепе-тең жағдайларда сайлау рұқсат етіледі. Егер дауыс берудің I-турынан кейін бос орын қалатын болса, онда Төралқаның шешімімен кемінде 50% дауыс жинаған кандидаттар үшін дауыс берудің II –туры өтуі мүмкін. Көп дауыс алған, бірақ кемінде 2/3 дауыс санын алған үміткер- ғалымдар ӘҒА толық мүшелері мен корреспондент-мүшелеріне сайланған кандидаттар болып есептеледі.

10. ӘҒА толық мүшелігіне (академигі) сайланушы кандидат, егер дауыс берушілердің көбі оған дауыс берсе, бірақ ӘҒА жалпы жиналысында дауыс беруге қатысқан толық мүшелері кемінде 2/3 дауыс берсе, сайланған болып саналады.
ӘҒА корреспондент-мүшелігіне сайланушы кандидат, егер дауыс берушілердің көбі оған дауыс берсе, бірақ дауыс беруге қатысқандардың кемінде 2/3 ӘҒА толық мүшелері мен корреспондент-мүшелері болса, сайланған болып саналады.

11. Есеп комиссиясының хаттамалары ӘҒА Жалпы жиналысымен ашық дауыс беру арқылы бекітіледі. Егер ӘҒА қатысқан толық мүшелер (академиктер) мен корреспондент-мүшелерінің жартысынан көбі дауыс берген болса, онда хаттама бекітілді деп саналады.

12. Академия мүшесі Жарғыны сақтауға, академияның мақсаттарына жетуге және оның мәселелерін шешуге белсене қатысуға, академияның жетістіктерін кеңейтуге және күшейтуге, уақытылы жыл сайынғы мүшелік жарналарды төлеуге міндетті.
Академияның ғылыми және қоғамдық жұмысына қатыспайтын, академияда, бөлімшелерде, секцияларда өткізілетін іс-шараларда дәлелді себепсіз келмейтін, бір жылдан астам уақыт бойы мүшелік жарнасын төлемейтін Академияның мүшесі Академиямен байланысы ажыраған болып есептеледі. Бөлімшенің Жалпы жиналысы Академияда оның мүшелігін тоқтату немесе Академия мүшелігінен шығару туралы мәселені қоюға құқылы.

Академиядағы мүшелікті тоқтату автоматты түрде академияның мүшесі құқығынан айрылуға, сонымен қатар сайлау құқығы мен сайланбалы лауазымға сайланып тағайындалу құқығынан айрылуға әкеліп соғады.

Әскери ғылым академиясының Бірінші вице-президенті,
т.ғ.д., доцент, ӘҒА толық мүшесі

полковник  М.Серкпаев

Ереже Әскери ғылым академиясы Төралқасының Жалпы жиналысы отырысында 2013 жылғы

«19» маусымда қарастырылған және бекітілген, № 1 хаттама.

 

 

Әскери ғылым Академиясына
мүше ретінде сайлану үшін Төралқаға ұсынылатын
құжаттар тізімі

1. Ізденушенің ғылыми қызметі жоспарланған, сайлануға ұсыным берілген, қандай дәрежеде тсайлану ұсынылатыны көрсетілген бөлімшенің Жалпы жиналысы хаттамасынан көшірме.

2. Әскери ғылым Академиясы екі толық мүшесінің ұсынымдары.

3. ӘҒА мүшелігіне қабылдау туралы өтініш.

4. Ізденуші туралы ақпараттық анықтама.

5. Әскери қызметшілер үшін 8-ЛД анықтамасы, қызметкерлер үшін кадрлар есебі бойынша жеке парағы.

6. Белгіленген тәртіппен жұмыс орны бойынша немесе Академияның Бас ғалым хатшысымен расталған ғылыми жұмыстар тізімі.

7. Жеке куәлігінің көшірмесі.

8. Білім туралы дипломдарының көшірмесі, басқа да білім және ғылым ұыймдарының құрметті мүшелері дипломдарының көшірмесі.

9. Ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі немесе профессор, қауымдастырылған профессор (доцент) дипломдарының көшірмесі.

10. 3х4 екі фотосурет.

11. Кіру жарнасы.

Құжаттар тезтікпе арқылы аттестаттау іске қалыптастырылады және ӘҒА Төралқасына Академия мүшелерінің Жалпы жиналысына дейін бір ай бұрын ұсынылады.

001-passiv-kz 002-passiv-kz 003-passiv-kz 004-passiv-kz 005-passiv-kz