ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ӘСКЕРИ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ

Бөлімшелер

Фотогалерея

ОҚИҒАЛАР КҮНТІЗБЕСІ

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

ӘҒА қызметінің пәні және мақсаты

1. ӘҒА қызметінің пәні Қазақстандағы әскери ғылымның дамуына жан-жақты көмек көрсету, аса маңызды және перспективалық әскери-ғылыми зерттеулер мен әскери-техникалық әзірлемелерді іске асыру, ел қорғанысы мен әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін енгізу, Қазақстан Республикасы әскери ғалымдарының кәсіби нығаюын дамыту болып табылады.

2. ӘҒА қызметінің негізгі мақсаттары:

елдің жетекші әскери ғалымдарын жарғылық мүше шеңбері ретінде, сондай-ақ ғылыми кеңестердің, қоғамдардың, бастамашылық және жұмыс тобының және ӘҒА құрамына біріктіру;

әскери-ғылыми жетістіктерді насихаттау;

ғылыми-зерттеу қызметі, әскери-техникалық бағдарламаларды және жобаларды әзірлеу және іске асыру,

әскери ғылыми-техникалық салада жоғары білікті қызметтерді ұсыну (әлемдік және қазақстандық әскери ғылымның жай-күйі мен даму беталыстарын талдау, Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық әлеуетін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу және оның дамуын болжау, әскери ғылым дамуының басым бағыттары мен әскери-ғылыми кадрларды даярлауды негіздеу, ғылыми және ғылыми-техникалық сараптама, әскери-ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз ету, әскери-техникалық бағдарламаларды үйлестіру және қостау бойынша қызметтер, шаруашылық серіктестік, кеңес беру және басқа қызметтер түрінде ғылымды қажетсіну өндірісін құру);

мемлекеттік әскери ғылыми-техникалық және инновациялық саясатты қалыптастыруға және іске асыруға белсене қатысу;

Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери-экономикалық, әскери-саяси, ғылыми, мәдени және рухани даму стратегиясын әзірлеуге және ғылыми негіздеуге қатысу;

әскери білім беру жүйесінің дамуына және жетілуіне қолдау көрсету;

халықаралық әскери-ғылыми байланыстарды жүзеге асыру, әскери-ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет саласында халықаралық ынтымақтастықты дамытуға көмек көрсету, Қазақстанның әскери-ғылыми қоғамдастығының мүдделерін шетелде білдіру;

Қазақстан өңірінде әскери ғылымның дамуына көмек көрсету;

әскери ғылым дамуының проблемалары бойынша арнайы, өңірлік, қазақстандық және халықаралық конгресстер, конференциялар, симпозиумдар, мәжілістер мен семинарлар ұйымдастыру және өткізу;

әскери ғылыми-техникалық салада көрмелік, ақпараттық, басылым және жарнама қызметтерін жүзеге асыру;

ӘҒА, сондай-ақ мемлекеттік (құзыретті органдардың тапсырысы бойынша) ғылыми сыйақылар, құрметті атақтар, белгілер мен наградалар тағайындау;

3. ӘҒА мемлекеттік органдармен келісім жасай отырып, қызмет істеуіне және өзара іс-қимыл жасауына болады, және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мемлекеттік органдармен келісімшарт бойынша олар үшін белгілі бір жұмыстарды орындай алады.

001-passiv-kz 002-passiv-kz 003-passiv-kz 004-passiv-kz 005-passiv-kz