ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ӘСКЕРИ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ

Бөлімшелер

Фотогалерея

ОҚИҒАЛАР КҮНТІЗБЕСІ

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

ӘҒА Төралқасы

Төралқа ӘҒА РҚҰ басқармасының тұрақты әрекеттегі алқалық органы болып Төралқа табылады. Төралқа ӘҒА Жалпы жиналысы алдында есепті. Төралқа құрамына президент, бірінші вице-президент, вице-президенттер, бас ғалым хатшы, бөлімше төрағалары және Төралқаның басқа да мүшелері кіреді және құрамының санын Жалпы жиналыс белгілейді. Төралқа құрамын қалыптастыруды Жалпы жиналыс ӘҒА президентінің ұсынуымен жүзеге асырады. Төралқа мүшелері арасында міндеттерді бөлуді ӘҒА президенті жүзеге асырады.

ӘҒА Төралқасының құзыреттері:
- ӘҒА Жалпы жиналысын шақырады;
- ӘҒА Төралқасы жұмысының жоспарын, бөлімшелер, филиалдар және басқа да ӘҒА есепті ұйымдардың ережелерін бекітеді, олардың орындалуы туралы ақпаратты тыңдайды;
- Ғылыми кеңестерді, ғылыми орталықтарды (өкілдіктерді), ғылыми және ғылыми-өндірістік, жоба-конструкторлық ұйымдарды және заңнамасымен тыйым салынбаған ӘҒА басқа да заң субъектілерін шақырады;
- Әскери ғылымның даму проблемалары бойынша конференциялар, симпозиумдар және семинарлар шақырады, сайыстар мен көрмелер ұйымдастырады;
- ӘҒА құралдарының дұрыс шығындануын бақылайды,ревизиялық комиссияның есебін ұйымдастырады және тыңдайды;
- ӘҒА барлық құрылымдық бөлімшелерінің, лауазымдық тұлғалардың және мүшелерінің осы Жарғыны орындауларын бақылауды жүзеге асырады;
- Бос орын лауазымдар санын, мамандықтар тібегін және ӘҒА нақты мүшелерін және мүше-корреспонденттерін сайлауды жүргізу тәртібін орнатады, ӘҒА Жалпы жиналысына шетелдік мүшелердің және президенттің кандидатураларын ұсынады;
- ӘҒА құметті мүшелерін сайлайды;
- ӘҒА мүшелерінің кеуде белгілерін, ғылыми сыйақыларды, құрметті атақтарды, наградаларды (медальдарды) және куәліктерді бекітеді;
- ӘҒА мүшелерінің және басқа да салалық академиялардың, ғылыми ұйымдар және жоғарғы оқу орындарының ғылым бойынша жыл сайынғы Ұлттық баяндаманы орындауларын үйлестіреді;
- ӘҒА басылымдары жоспарын қарастырады және бекітеді (журналдар, монографиялар) және олардың орындалуын бақылайды;
- ӘҒА қызметін басқарудың жалпы жиналыстың ерекше құзыретіне жатпайтын және Қазақ Республикасының қолданыстағы заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да функцияларын жүзеге асырады.
Төралқаның отырысы жоқ болғандар тізімінен, дәлелді себептермен (науқастану, іссапарлар және т.б.) кеткендерді есептемегенде, оның мүшелерінің үштен екі бөлігі бар болғанда ғана заңды болады. Төралқаның шешімі қарапайым дауыстар көпшілігімен, ал дауыстар теңдігі жағдайында - ӘҒА президентінің шешімімен қабылданады. Төралқа отырысы қажет болған жағдайда, бірақ кемінде үш айда бір рет өткізіледі.

001-passiv-kz 002-passiv-kz 003-passiv-kz 004-passiv-kz 005-passiv-kz