ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ӘСКЕРИ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ

Бөлімшелер

Фотогалерея

ОҚИҒАЛАР КҮНТІЗБЕСІ

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Жалпы жиналыс

ӘҒА жоғары органы болып ӘҒА Жалпы жиналысы табылады. Жалпы жиналыс ӘҒА кем дегенде 2/3 мүшелерінің қатысқанда шешімдерді қабылдауға құқықты. Шешімді қабылдау үшін жиналыста (отырыста) нақты мүшелерінің және мүше-корреспонденттерінің, дәлелді себептерге байланысты (науқастану, іссапарға шығу және т.б.) кеткендерді есептемегенде, кем дегенде 2/3 бөлігінің қатысуы қажет. Құпия дауыс берудің қортындыларын есептеу үшін Жалпы жиналыс есептеу комиссиясын сайлайды.
Жалпы жиналысының ерекше құзыретіне жататындар:
- ӘҒА Жарғысына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдау, енгізу;
- ӘҒА ерікті қайта құру және жою туралы шешім қабылдау;
- атқарушы органдардың қаржы есебін ұсыну тәртібі мен мерзімділігін, сондай-ақ бақылаушы органның тексеруді жүргізу тәртібін және олардың нәтижелерін бекітуді анықтау;
- заңнамалық актілермен орнатылған шектерде ӘҒА басқа да заңды тұлғаларды, сондай-ақ өз филиалдары менөкілдіктерін құруға немесе қызмет атқаруға қатысуы туралы шешім қабылдау;
- ӘҒА Президентін сайлау;
- ӘҒА Төралқасы мүшелерін сайлау;
- ӘҒА басқару органдарының құзыретін, ұйымдастырушылық құрылымын, өкілеттігінің қалыптасу және жою тәртібін анықтау;
- ӘҒА Төралқасы ғылыми-ұйымдастырушылық жұмысы бойынша жылдық есебін бекіту;
- ӘҒА нақты мүшелерін (академиктерін), мүше-корреспонденттерін және шетелдік мүшелерін сайлау.
ӘҒА Жалпы жиналысын оның Төралқасы қажет болған жағдайда, бірақ кемінде жылына бір рет шақырады. Жалпы жиналыстың күн тәртібі және олар бойынша шешімдер жобалары ӘҒА Төралқасында алдын ала талқыланады.
Жарғыны қабылдау және өзгерту, ӘҒА нақты мүшелерін (академиктерін) және мүше-корреспонденттерін сайлау, ӘҒА қайта құру және жою туралы шешімдер білікті көпшілікпен, яғни Жалпы жиналысқа қатысқан ӘҒА нақты мүшелері мен мүше-корреспонденттерінің кем дегенде 2/3 дауысымен қабылданады, қалған шешімдер – қарапайым дауыс көпшілігімен. Жиналысты жүргізу тәртібін және дауыс беру түрін (құпия немесе ашық) Жалпы жиналыс ашық дауыс берумен қарапайым дауыс көпшілігімен қабылдайды.

001-passiv-kz 002-passiv-kz 003-passiv-kz 004-passiv-kz 005-passiv-kz